Қоғам

Шерзат Полаттың ісі бойынша материалдар сотқа жіберіледі

Сот талқылауының қашан болатыны белгісіз.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің орынбасары ол негізгі сот талқылауы қашан басталатынын нақты айта алмады.

Санжар Әділов сонымен қатар, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, ол істе ешкім күдікті ретінде танылмағанын айтады.