Рамазан айында бағаны шарықтатып жіберуге болмайды – ҚМДБ
Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айында бағаны шарықтатып жіберген дәмханаларға үндеу арнап, бағаны арзандатуға шақырды.
«Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды» дегенді алға тартқан ҚМДБ ауызашардағы тамақ әрі аз, әрі қарапайым болу керек дейді.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады», - деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.