Қанат Шарлапаев – Қазақстан Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қанат Шарлапаев Қазақстан Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Қанат Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін, 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған, одан бұрын, 2020 жылы «City Investment Bank» АҚ (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамып келе жатқан нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі аймақтық директоры қызметін атқарған.