Екатерина Смолякова Мәжілістің жаңа депутаты атанды
Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды7
Екатерина Смолякова Мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі, деп хабарлады Oimaqnews.kz сайты.
«Respublica партиясы атынан Екатерина Смолякова депутат болды.
Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды», – делінген хабарламада.