
Биылғы Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегерлері белгілі болды.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы:
«Проза» номинациясы бойынша «2026» шығармасы үшін Есбол Социалханға,
«Поэзия» номинациясы бойынша «Боз ұшқат» өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа,
«Драматургия» номинациясы бойынша «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға,
«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Рокет Ера» повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.
Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен қатысқан болатын.
Еске сала кетейік, Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық 2023 жылы Президент Жарлығымен тағайындалып, отандық әдебиет әлеміндегі маңызды оқиғалардың біріне айналған. Бұл сыйлықтың басты мақсаты – шығармашыл жастарды қолдау, жаңа туындылардың жарық көруіне жол ашу.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.