ҚМА: «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды
- авторОймақ
- 20 ақпан, 2025
- 190

Тінту барысында ұйымдастырушылардан 1,2 млрд теңгеден астам қолма-қол ақша және премиум класты маркалары бар13 көлік тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен биылғы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған. Ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-на дейін пайда табуға уәде берген.
— Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді. Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады, — деді ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оның сөзінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Шавкаттың жекпе-жегі кейінге қалды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының өтетін күні белгілі болды
- авторОймақ
- 20 наурыз, 2025