жұма, 14 наурыз, 2025 3:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жоғалған отбасы Павлодардан табылды

Жоғалған отбасы Павлодардан табылды
Фото: Павлодар қаласының Vita іздеу ұйымы
Жоғалғандарды еріктілер тауып алған.

Бұл туралы Павлодардың еріктілері мәлім етті, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, еріктілер мен полиция 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласын – 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұлды және 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанованы іздестіріп жатқан болатын.

Олар 2025 жылдың 10 ақпанында Астанадан Павлодарға жолға шыққан, содан бері олар туралы ешқандай ақпарат болмаған, байланысқа шықпаған.

Абырой болғанда, жоғалғандар Павлодардан табылды.

Оларды "VITA" ДПО еріктілері іздеу хабарландыруларын тарату және жалдамалы пәтерлерді тексеру барысында Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге тапты, – деп хабарлады Павлодар қаласының Vita іздеу ұйымы.

Болжам бойынша, астаналықтар қаланың бір жалдамалы пәтерінен табылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар