Ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар еліне қайтарылды
Былтыр үш айда 115 мың өзбекстандық еңбек мигранты Отанына оралған болатын.
Ресей аумағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған өзбекстандықтар еліне қайтарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігінің дерегіне сәйкес, Мәскеудегі уақытша орналастыру орталығы мен Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің жәрдемімен 3 бала Отанына қайтарылды.
Бүлдіршіндердің біреуі Ресейге анасымен, қалған екеуі ата-анасының сенімхаты негізінде туыстарымен барған. Кейін балалардың жақындары аталған елдің заңына қайшы әрекеттер жасап, тиісінше Өзбекстанға депортацияланған. Ал кәмелетке толмағандар осы кезге дейін уақытша орналастыру орталығында болды.
Еске салайық, былытр үш айда 115 мың өзбекстандық еңбек мигранты Отанына оралған болатын.