жұма, 14 наурыз, 2025 22:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
Сурет: Нұрғали Жұмағазы/ #Harbin2025
Владислав Киреев биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.

Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.

Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Ол да биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте бақ сынаған болатын. Вадим Куралес жарысты 30 минут 40,6 секундта екінші болып аяқтады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама бүгін тарихи жетістікке жетіп, екі бірдей медаль алтын мен қола жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар