Қоғам

Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған еді.

Желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпарат пайда болды. Оның өз қолымен жазған үндеуі парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Экс-министр Facebook парақшасында сот билігінің әрекеттеріне қарсы екенін жеткізді.

"Мен, Мұхамедиұлы Арыстанбек, сот билігінің озбырлығы мен заңсыз әрекеттеріне наразылық білдіріп, өлмейінше аштық жариялаймын", – делінген хабарламада.

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті аштық жариялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Ол тамақ ішіп жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да болған жоқ. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен сотталушы ұялы телефон қолдана алмайды. Бұл ретте оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жарияланым бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.