Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алды
Сондай-ақ әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.
Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Екінші орынға да қытайлық спортшылар жайғасты.
Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде алса, аралас команда күміс медаль жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ тарихи сәт: фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алды.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.