Спорт

Олжас Климинның жеңісі

The final spritzer

Ел намысын сәтті қорғаған спортшы.

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.

Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.