Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті
Алматы полициясы 17 жастағы жасөспірімнің арызына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
Тележүргізуші, белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге қатысты заңсыз әрекет жасады деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
Осыдан бірер күн бұрын Алматыда 40-қа таяған ер адам полицияға жеткізілгенін еске саламыз. Кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жұмыстары басталды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев.