Қатонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайлар салынатыны белгілі болды
Құрылыс жұмыстарын «ҚазАэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді.
Құрылыс жұмыстарын «ҚазАэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Қазір әуежай құрылысына дайындық басталған.
«Жобалау және құрылыс жұмыстары «ҚазАэронавигация» кәсіпорнына тапсырылды. Әуежайлар 2026 жылға дейін толық пайдалануға берілуі тиіс. Алғашқы кезеңде ұзындығы 2 200 метр, ені 35 метр жасанды ұшу-қону жолағы салынады. Бұл Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, болашақта туристер саны артса, ұшу-қону жолағының ені 45 метрге, ал ұзындығы 2600 метрге дейін кеңейтілуі мүмкін. Бұл Airbus A320, Boeing 737 секілді кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.