Қоғам

Ауыл шаруашылығына қосылған құн салығы – 0 пайыз – Жұманғарин

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте айтылды.

Үкіметте өткен брифингте вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін азық-түлік пен басқа да тауарлардың қаншалықты қымбаттайтынын туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, бұған дейін 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын алып тастау жоспарланғанын айтты. Жұманғариннің сөзінше, елде қосылған құн салығы көтерілгендіктен, бизнеске қатысты бірқатар салық өзгерістері енгізілетінін жеткізді.