жексенбі, 2 ақпан, 2025 18:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Төрт жыл бұрын жоғалған қыз табылды

Төрт жыл бұрын жоғалған қыз табылды
Фото: polisia.kz
Полицейлер оны Алматыдағы тамақтану орындарының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен тапқан

4 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен түркістандық бойжеткен аман-есен табылды. Полицейлер оны Алматыдағы тамақтану орындарының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен тапқан, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде оның 4 жыл бойы қайда жүргенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

– 2021 жылдың жаз айында жергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары барлық қажетті тергеу әрекетін жасағанымен, нәтиже болмады. Дегенмен, бірнеше жыл өтсе де тұрғынның арызы негізінде іздеу ісі жалғасып отырды. Полицейлер аталған жайт бойынша мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады, – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Хабар-ошарсыз кеткен қызымен 4 жылдан соң қайта қауышқан анасы тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

– Қызымнан хабарсыз қалып, нендей жағдайда екенін біле алмай жүрген күндер артта қалды. Көп рақмет сіздерге. Арасында өздеріңізге де сенімсіздік білдірген едім, бүгін, міне үмітім ақталып отыр, – деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар