дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 0:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді

Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
фото ашық дереккөздерден алынды
Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы бұйрыққа қол қойды. 

2024 жылы 20 желтоқсаннан бастап "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" 2023 жылғы 19 мамырдағы бұрынғы құжатқа өзгерістер енгізілді.

“2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалды”, – делінген құжатта.

Жаңашылдықтар 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл өзгерістер азаматтардың қажеттіліктерін нақтылауға және аймақтық ерекшеліктерді ескеруге бағытталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстволарға бұйрықтың Әділет министрлігінде тіркелуін, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде жариялануын және департаменттің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етуді міндеттейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар