дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 3:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Embraer әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады

Embraer әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады
Фото: skiesmag.com
Компания қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Embraer әуе компаниясы Ақтау маңында Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ресми мәлімдеме жасады..

"Біз Қазақстанның Ақтау қаласы маңында Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына қатты қайғырып отырмыз. Зардап шеккендердің отбасыларына, достарына, әріптестеріне және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият бақылауда ұстап отырмыз және тиісті органдарға толық қолдау көрсетуге дайынбыз," – делінген мәлімдемеде.

Компания өкілдері оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат алу үшін тиісті билік органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компаниясы өкілдері ұшып келетіні хабарланды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар