Az Airlines жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады
Республикалық жедел штаб құрылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бет алған Az Airlines жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.
Келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды.
Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, ол жұмыс істейді.
Жедел желі телефоны: 8/7292/319099.