Ресейлік мұсылмандар "көп әйел" алмайтын болды
Діни пәтуаны алып тастады.
Ресей Федерациясы мұсылмандар діни басқармасының Ғұламалар кеңесі діни полигамияға рұқсат берген "Ресейдің мұсылман қауымдастығындағы полигамия проблематикасы" деген теологиялық қорытындыны (пәтуаны) алып тастады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы 23 желтоқсан, дүйсенбіде кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
23 желтоқсанда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы дума төрағасына Кеңес шығарған пәтуаға қарсы ұсыныс жасады, деп хабарлаған Ресейдің "Интерфакс" мемлекеттік агенттігі.
Еске сала кетейік, 19 желтоқсанда Ресей Федерациясының Ғұламалар Кеңесі мұсылман ерлер төрт діни некеге тұра алады деген пәтуа шығарған. Онда қосымша некеге тұрудың себептерінің тізімі, сондай-ақ діни полигамияға жол берілетін жағдайлар көрсетілген.