дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 0:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа адамдар қоқыстан ерекше портрет жасады

Жаңа адамдар қоқыстан ерекше портрет жасады
Қоқыс шығарылмай, жиналып жатқан аймақтар көп.

Жаңа адамдардың AntiTrash азаматтық науқаны рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен күресуді жалғастырады. Белсенділер рейдтер барысында Астананың Есіл ауданынан ірі қоқыс алаңдарының бірін тауып, жергілікті тұрғындармен сөйлескен еді. Олардың  айтуынша, қоқыс орны бір жылдан астам уақыттан бері бар. Әкімдіктің уәдесіне қарамастан, қоқыс шығарылмай, жиналып жатыр.

2024 жылдың басынан бері астанада 221 заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Олардың кейбірімен жұмыс 2028 жылы жалғасады.  Демек, жақын маңда орналасқан «Capital Park» тұрғын үй кешенінің тұрғындары кемінде үш жыл қоқыс жанында тұратын болады.

Жаңа адамдар осы аумақтың санитарлық жағдайына жауапты Есіл ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Нугербековке хабарласқан еді. Белсенділер тұрғындардың назарын аудару үшін қоқыс үйіндісі аумағындағы қоқыстардан арт-инсталляцияны – әкім орынбасарының портретін жасады.

«Астаналықтар сізді қоқыс алаңымен еске алғанын қаламайтыныңызды және заңсыз үйіндіні жою үшін нақты шаралар қабылдайтыныңызға сенімдіміз», - деді жоба көшбасшысы Бауыржан Аманов.

Соңғы кездері Астанада рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары мәселесі қоғамдық қысыммен ғана шешімін табуда. AntiTrash  азаматтық науқаны жауаптыларды қоқыстан портреттері пайда болуын күтпей, қазақстандықтардың терезелері алдындағы қоқыс үйінділерін жою бойынша өз міндеттемелерін алдын ала орындауға шақырады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар