дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 0:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ломбардтан алтын ұрлағандар ұсталды

Ломбардтан алтын ұрлағандар ұсталды
Фото: видеодан алынды
Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.

Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды. Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған.

Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласында ұстады. Олар тұрғын үйді жалға алмақ болған. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар