"Хутор" деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдеймін" – Марат Сұлтанғазиев
Бұл туралы Алматы облысы әкімі брифингте айтты.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те Талғарда «Хутор» атты бандалық топтың жоқ екенін, ондай ұйымдасқан қылмыстық топтың тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғарда Хасан басқаратын «Хутор» атты бандалық топ бар деген ақпарат желіде көп жазылған еді.
Ол ұйымдасқан қылмыстық топ деп тану үшін критерийлер бар екенін айтты.