дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 5:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Хутор" деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдеймін" – Марат Сұлтанғазиев

"Хутор" деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдеймін" – Марат Сұлтанғазиев
ОКҚ
Бұл туралы Алматы облысы әкімі брифингте айтты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те Талғарда «Хутор» атты бандалық топтың жоқ екенін, ондай ұйымдасқан қылмыстық топтың тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғарда Хасан басқаратын «Хутор» атты бандалық топ бар деген ақпарат желіде көп жазылған еді. 

"Бұл жағдай барша елдің назарын Талғар ауданына бұрды. Мұнда 250 мың адам тұрады. Талғар ауданы облыста ғана емес, Қазақстан бойынша экономикалық тұрғыдан тез дамып келе жатқан аудан. Өнеркәсіп 11 пайызға, инвестиция 44 пайызға өсті. Бюджет, салықты жинау үш есе өскен. Аймақ қарқынды дамуда. Ал криминалдық жағдай бойынша айтар болсам, құқық қорғау органдары нақты жауап береді", - дейді әкім.

Ол ұйымдасқан қылмыстық топ деп тану үшін критерийлер бар екенін айтты.

"Топтың белгілі мақсаты болу керек. Құқық қорғау органдары мұның ешбірі жоқ екенін мәлімдеді. Аймақтың әкімі, тумасы ретінде айтамын. Сондықтан «Хутор» деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдеймін, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар