Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы оның адвокаты Асқар Қаймақов хабарлады
Полиция марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы оның адвокаты Асқар Қаймақов хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Адвокаттың мәлімдемесіне сәйкес, Нұрымовқа қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша айып тағылған. Қазір Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық бабымен қамауға алынған, қорғаушы оған берілген жазаны заңсыз деп санайды.
Қаймақов сот процесінде елеулі заңсыздық болғанын айтады. Ол сондай-ақ Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінен кейінгі оқиғада "Қаржаубай Нұрымовты туыстары мен адвокаттары ұстауды сұрады" деген полицияның мәлімдемесін жоққа шығарды.
– Туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім бермеді, - деп атап өтті адвокат.