Экономика

Доллар тағы қымбаттады

Қазір ақша айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 517 теңгеге сатып алынады, 522 теңгеге сатылады.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар күрт қымбаттады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 516,93 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 8,43 теңгеге жоғары.

Қазір ақша айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 517 теңгеге сатып алынады, 522 теңгеге сатылады.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 2024-2026 жылдарға арналған көрсеткіштерді нақтылай отырып, инфляция болжамын қайта қараған болатын. Ол пессимистік сипатқа ие болды.