Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімшілік сот шешімімен 15 тәулікке қамалды
- авторОймақ
- 11 желтоқсан, 2024
- 475

Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы отбасының адвокаттары айтты.
Адвокаттар шешімге шағым түсірмекші. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.
Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.
Бұған марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеуінен кейін болған оқиғалар себеп болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жаңа жылда оқушылар қанша күн демалады
Ұқсас жаңалықтар
Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам
- авторОймақ
- 6 маусым, 2025