Актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты
Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған.
Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты.
Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
Айта кетейік, оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелес шыққан. Асқар Жұмабек және қасындағыларға олигарх Бахаридин Әбіләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен төбелескеніне байланысты айып тағылып, сотталған болатын.