Әлеумет

Жекеменшік мектеп маңында тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады.

Бүгін таңертең Алматыда жекеменшік мектептің маңында тұрған көлік ішінен адам мәйіті табылды. Бұл  туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.

Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады. 

"Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Осы факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", – делінген хабарламада.

Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.