Әлеумет

Ақтөбеде әскери комиссар өзіне қол жұмсады

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы 8 желтоқсан күні қызметін өткеру орнында өзіне қол жұмсады.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, болған қайғылы оқиғаның әскери  қызметке қатысы жоқ.

"Қайлығы оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ақпаратта.

Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.