дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 0:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Талғар маңынан Шерзаттың ағасының мәйіті табылды

Талғар маңынан Шерзаттың ағасының мәйіті  табылды
Коллаж: Qaz365.kz
Талғардың шетінде  ер адамның денесі табылды.

Талғардың шетінде  ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған. Марқұмның биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.  Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», - делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын айтады.   

«Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзет қызметкерлерінің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адамның күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды», – делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар