Көкшетауда мүгедек балаларға арналған қаражаттың жымқырылғаны анықталды
Мұны прокуратура анықтаған.
Ақмола облысында прокуратура қызметкерлері мүгедек балаларға арналған қаражаттың жымқырылғанын анықтады.
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындаушылардың бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынған.
- Көкшетау қаласының прокуратурасы Artsport және DamuBala бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады, - делінген ақпаратта.
Қалалық прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.