Қоғам

2025 жылы 41 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады

Бұл туралы  «Ашық НҚА» порталында жарияланды.


Бұл 18 жастан 27 жасқа дейінгі қазақстандыққа қатысты болмақ.

“Азаматтарды әскерге шақыру екі кезеңде жүзеге асырылады: наурыз – маусымда және қыркүйек – желтоқсанда. Әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады”, – деп көрсетілген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжат жобасында.

Ал биыл 40,2 мыңға жуық адам әскерге шақырылған. Әскерге шақыру желтоқсанның соңына дейін жалғасады.