Әлеумет

Автобус апаты: танымал продюсер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Маусым айында адам өліміне әкеп соққан жол апаты орын алған еді.

Алматыда маусым айында адам өліміне әкеп соққан жол апаты орын алған еді. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алған. Қайғылы жағдайға "5:32" телехикаясының продюсері Анель Сартаева кінәлі деп танылды.

Ол 2,5 жылға сотталып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол сәбиінің болуына байланысты, жазасын 3 жылдан соң өтейтін болды. Продюсер Сартаева әу бастан өз кінәсін мойындап, жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді. Оның отбасы жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеп, кешірім сұрады.

"Бұлай болғанын қаламадым. Тоғыз жыл көлік жүргізіп, бірде-бір апат болмаған еді. Болған оқиға үшін марқұмның отбасынан кешірім сұраймын", - деді әйел.

Марқұмның ағасы Сартаеваны кешірген болатын.