Қоғам

Жетісуда жылдар бойы дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

The final spritzer

Жетісуда жылдар бойы дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысы, Алакөл ауданында қылмыстық топ құрықталды. Олар бірнеше жылдар бойы тепловоздардан жанар- жағармай ұрлап келген. Қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады. Тұтқындалғандар бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Жетісу облысы Алакөл ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды» — делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметте.