Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады
16 желтоқсан дүйсенбі демалыс күні болады.
Биылғы желтоқсанда қазақстандықтар 10 күн демалады.
2024 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан дүйсенбі демалыс күні болады.
Аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсан күндері, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 14 желтоқсан – жұмыс күні. Алайда жексенбі мен дүйсенбі, 15-16 желтоқсан демалыс күндері болады.
Сонымен бірге 30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болып есептеледі.