Қоғам

Елордада Алматы ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол осыған дейін "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшысы қызметін атқарған. Еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары "Балкантау KZ" ЖШС басшысы, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС директорының орынбасары, "City Transportation Systems" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылдың қазан айынан бастап "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшысы қызметін атқарған.