ШҚО-да алаяқтар шенеуніктердің атынан әлеуметтік желіде парақшалар ашып жатыр
ШҚО-да алаяқтар шенеуніктердің атынан әлеуметтік желіде парақшалар ашып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар халықты алдау үшін түрлі әдістерді қолданып жатыр. Енді олар шенеуніктердің атынан әлеуметтік желіде парақшалар аша бастады. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ШҚО-дағы орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларының көмекшілері атынан фейк парақшалар ашып, түрлі сылтаумен көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберетіндер көбейіп кеткен. «Олар көбінесе қарызға ақша сұрап жатады. Кейде белгілі бір мәселелерді шешу үшін көмектесуді сұрайды. Осы орайда халықты алаяқтардың арбауына түспей, осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұраймыз», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен. Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда алаяқтардың өздерін коммуналдық қызметкер ретінде таныстырып жүргені хабарланған. Сондай-ақ әккі алаяқтар Президент тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына салынған көпірді де өз пайдаларына қолдана бастады.