Еліміздің сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
- авторОймақ
- 28 ақпан, 2024
- 3.8k
1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл жүктемесі сегіз тоннадан асатын көліктерге әсер етеді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Ведомствоның айтуынша, бұл республикалық жолдарды сақтау үшін жыл сайын енгізілетін тәртіп.
1 наурыздан 1 сәуірге дейін бесінші жол климаттық аймағы деп аталатын өңірлерге кіретіндерге шектеулер енгізіледі. Оған: Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары кіреді.
«Шектеу халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюмен айналысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар, багаж, дәрі-дәрмек тасымалдайтын ( жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын) көлік құралдарына әсер етпейді», - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Шектеулер 23 наурыздан 1 мамырға дейін күшінде болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.