ІІМ Талғардағы зорлау фактісімен қамауға алынған күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашу әрекетін тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары барлық кінәлі жазаланатынын айтты.
«Барлық шаралар қолданылып жатыр. Біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Барлығы жазаланады. Іс немқұрайлылық фактісі бойынша қозғалды. Кінәлілер жауапқа тартылады», – деді Лепеха.
Күдіктінің қашып кеткені туралы жергілікті полиция 22 қазанда хабарлады. Мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Негізгі бағыттарда блок-посттар қойылған. Кейін ІІМ қашып кеткен адамның кім екенін анықтаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.