Қоғам

Ақтөбеде сауда үйі өртенді

The final spritzer

Ақтөбеде сауда үйі өртенді

Өрт сөндірушілер Ақтөбедегі сауда ғимаратындағы өртті сөндірді. Жалын басқа қабатқа өтіп үлгерді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Бүгін таңертең диспетчердің пультіне Астана ауданында орналасқан қалалық сауда үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен қызметкерлері бөлек тұрған 4 қабатты сауда орталығының жертөлесіндегі заттардың жанып, өрттің бірінші қабатқа көшкенін анықтаған. Төтенше жағдай департаментінің күшімен өрт 70 шаршы метр аумақта жойылды.