Саясат

ЕЛГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖЕТІСПЕЙДІ – Қайрат Балабиев

Түркістан облысының тұрғындары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиевті жақсы біледі. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында туып өскен заң ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Қайрат Балабиев 2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (Шымкент қаласы), 2018-2023 жылдары - Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы (Түркістан қаласы) қызметін атқарды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Бірнеше мәрте Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған, өңірді құқықтық дамытуға сүбелі үлес қосқан, жерлесіміз ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиевті әңгімеге тартып, Парламенттің өңірлерді дамыту жолындағы тың бастамаларымен бөлісуін сұраған едік.