Нұртөре Жүсіп қазақстандық медиа саланың даму келешегі туралы дөңгелек үстел отырысына қатысты
Нұртөре Жүсіп қазақстандық медиа саланың даму келешегі туралы дөңгелек үстел отырысына қатысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Медиа Альянсі мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымы бірлесіп өткізген «Журналистік этика. Фактчекинг және манипуляция» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Кездесуге қатысушылар креативті индустрияны дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жас қызметкерлерді, блогерлер мен ықпалды азаматтарды қолдау мәселесін, сондай-ақ қазақ тіліндегі ақпарат ауқымын қалыптастыру және тарату арқылы қазақ тілін дамыту мен насихаттау туралы ұсыныстарды талқылады. Сенатор дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын трансформациялау, сөз бостандығын қорғау және журналист мәртебесін бекітуге бағытталған мемлекеттік реформалар туралы айтты.
«Сенат бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қолданыстағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы бірнеше заңның ережелерін біріктірген маңызды заңды қарады. Құжатқа мемлекеттік емес БАҚ-ты грант арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын қаржыландыруды жетілдіру, БАҚ сауалдарын қарау мерзімдерін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту, журналистердің кәсіби қызметіне құқықтық кепілдік беру, сондай-ақ БАҚ-ты өзін-өзі реттеу және журналистердің Әдеп кодексін әзірлеу жөніндегі қоғамдық-кәсіби кеңес құру сияқты негізгі инновациялар кіреді. Бұл заң БАҚ саласына оң ықпал етеді және отандық медиа-кеңістікті дамытуға жаңа серпін береді», - деді Нұртөре Жүсіп.
Парламентші сонымен қатар ауқымды ақпараттық мазмұн қалыптастыру және тарату үшін жасанды интеллектті қолданумен қоса цифрлық шешімдерді енгізу мен жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.