Тасқыннан кейін елді мекендерді көшіру жоспарда жоқ – Әрінов
Министрдің айтуынша, ондай есеп әлі толық жүргізіліп бітпеген.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тасқын қорытындысы бойынша елді мекендерді көшіру жоспарда жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz. сілтеме жасап.
«Тасқынның қорытындысы бойынша елдегі неше елді мекен қауіпсіз жерге көшіріледі?» - деп сұрады журналист Мәжіліс отырысынан кейін.
Министрдің айтуынша, ондай есеп әлі толық жүргізіліп бітпеген.
«Ол әлі саналып жатыр. Жалпы айтқанда, нақты елді мекендерді көшіру талқыланып жатқан жоқ. Зардап шеккен үйлер қалпына келтіріледі немесе жаңадан салынады. Түгелдей елді мекендерді көшіру туралы ондай ақпарат жоқ», - деді Шыңғыс Әрінов.