Спорт

Шавкат Рахмонов рейтингтегі орнын сақтап қалды

«Номад» үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ultimate Fighting Championship (UFC) жартылай орта салмақтағы файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» үздік үштікті түйіндеп тұр.

Бірінші орында америкалық Камару Усман, екінші орында АҚШ-тың тағы бір өкілі Белал Мухаммад.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы чемпион ұлыбританиялық Леон Эдвардс.