Әлеумет

Ақтөбеде оқушы көпірден секірмек болған: полиция құтқарып қалыпты

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Оны полиция қызметкері құтқарып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап. 

3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланды. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілген.

Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтауда. Тексеру жүргізіліп жатыр.