Саясат

Абай облысында әйел 30 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Абай облысында әйел 30 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Абай облысы Бородулиха ауданында әйел адам қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды. 

26 мамыр сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай жолға шыққан 30 жастағы Динара Досымбекова жоғалып кеткен. Бұл туралы полицияға оның анасы хабарласқан еді.

Қыздың денесі 2 маусым күні табылған. Тергеу амалдарын жүргізген тәртіп сақшылары оның анасын күдікті ретінде ұстады.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.