жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында екінші рет жеңімпаз атанды.

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында екінші рет жеңімпаз атанды.
https://prosports.kz/kz/news/651954
Олар еркін бағдарламада 181.5833 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Виктор Друзин мен Анна Павлетцова жұбы Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогы кезеңінде Ұлттық құрама қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды. Олар еркін бағдарламада 181.5833 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Друзин мен Павлетцова жұбы осыған дейін Бейжіңдегі ӘК кезеңінде еркін бағдарлама бойынша күміске ие болған. Аралас жұптық сындағы еліміздің тағы бір дуэті (Артур Майданов, Валерия Столбунова) 4-сатыдан көрінді. Ұпай саны - 153.1355.

Мұнда алтын Испания (200.3854 балл), күміс Италияның (192.9375) еншісінде кетті. Айта кетейік, Қазақстан командасы Канададағы Әлем Кубогының 3-кезеңінде жалпы есепте 1-орын алды. Спортшыларымыз барлығы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Турнирде 16 елдің 88 спортшысы сынға түсті.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар