Әлеумет

Асырап алған балаларға азап көрсеткен: қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте асырап алынған алты баланы азаптау ісі сотқа жіберілді.

 Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, "бұл жерде көптеген қорқынышты мәліметтер бар, үлкен баланың айғағы бойынша, балалар зәрмен мас болып, нәжіспен тамақтандырылған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, үлкен баланың ақшалай қаражатын пайдалану бойынша да  жеке тергеу жүргізілуде», – деп жазды ол.

Баланың денесінің көгергенін көріп, полицияға хабар бермеген қамқоршылық органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мектеп мұғалімдеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Шымкентте асырап алған алты баласы бар отбасының анықталғаны, оның бесеуі сөйлей алмайтыны туралы мәлімет тараған.  Олар қорада тұрған, жуынбайды, мысық пен итке арналған тамақ берген, ал түнде балалардың қолдары мен аяқтарын қышытпау үшін байлап қойған. Балалар 2021 жылы асырап алынған.

Динара Зәкиева бұл соңғы айларда патронаттық отбасылардағы балаларды азаптау фактілері бойынша  тіркеліп отырған төртінші оқиға екенін атап өтті.