Саясат

Қазақстан шекарасында Қырғызстаннан тасымалданбақ болған зақымдалған 39 тонна шие анықталды

Қазақстан шекарасында Қырғызстаннан тасымалданбақ болған зақымдалған 39 тонна шие анықталды

Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекетінде Қырғызстаннан Ресейге жіберілген құрамы зақымдалған шие өнімі анықталды. Шиенің ішінде дрозофила дернәсілдері болған. 

Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) инспекторлары жүргізген тексеру кезінде шиенің дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерімен зақымдануының 2 жағдайы анықталған. Залалданған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асты.

“ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салынды. Сонымен қатар карантинге жатқызылған барлық өнім дереу экспорттаушы елге қайтарылды”, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Дрозофила – бұл кішкентай жеміс шыбындары. Олардың мөлшері шамамен 2-4 миллиметр және салмағы екі миллиграмм. Олар әдетте қоңыр-сұр түсті болады, ал көздері қызыл. Олардың жұмыртқалары өсімдік тектес субстраттарда дамиды. Олар шіріген көкөністер мен жемістермен, ашыған ағаш шырынымен, саңырауқұлақтардың жеміс денелерімен және микрофлораға бай басқа органикалық қалдықтармен қоректенеді.